22 жастағы келіншек 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған

Oinet.kz 22-01-2021

Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек үш жастағы қызын өлімші етіп сабап тастады, деп хабарлайды Oinet.kz  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

қыз.jpg

Қатты соққыдан бала тіпті есінен танып қалған. Бүлдіршінді дереу облыстық ауруханаға жеткізіпті. Дәрігерлер оның ауыр дене жарақаттарын алғанын айтады. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. 

– Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғанын анықтап жатырмыз. Осыған дейін 22 жастағы келіншек құзырлы орындардың күдігіне ілікпеген - дейді облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Азат Құсайынов.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Мәскеуде Навальныйдың жақтастары ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×