Алексей Цой Тоқаевқа уәде берді

Oinet.kz 26-01-2021

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Цой Мемлекет басшысына Қазақстанда алдағы уақытта дәрі-дәрмек жеткіліксіздігі болмайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Цой.jpg

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады.

Өз сөзінде ведомство басшысы бұл мәселе қайта қарастырылғанын атап өтті.

- Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындардың бәрін алып тастадық. Дәріханаларда жетіспеушілік болмас үшін біз коронавирусқа шалдыққан адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмекті тегін қылдық. Бұл да дәріханалардағы кезекті жойды. Осылайша біз антиковид препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық. Сонымен қатар биыл "Халық денсаулығы" кодексіне тиісті өзгерістерді енгізіп, бөлшектік сегменттегі бағаларды қадағалау тетігін алып тастамақпыз. Осылайша, біз бөлшектік сегменттегі бағаны төмендетерлік қосымша тетіктерге ие боламыз, - деді шенеунік.

Осылайша министр елде алдағы уақытта дәрілердің жетіспеушіліг байқалмайды деп кесіп айтты. 

Қазақстанда кімдердің жалақысы өседі? - Асқар Мамин жауап берді
«Мені ешкім депутаттықтан айыра алмайды» - Ермахан Ибраимов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×