Аймағамбетов мұғалімдерді тағы бір жаңалықпен қуантты

Oinet.kz 28-01-2021 3616

Осы жылдан бастап дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалақысына қосымша ақы қосылады. Бұл жаңалықпен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

ттт.jpg

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды.

Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады», - деп жазды министр.

Енді бұл пәннің мұғалімдері оқушылар мен студенттерге қосымша секциялық сабақтар өткізеді.

«Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту бойынша берілген Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларының шеңберінде басқа да кешенді шаралар қабылданады», - деп ойын толықтырды министр.

Дәулет Мұқаевқа «Адал» партиясы 20 миллион теңге берді ме? (видео)
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу