Бүгін Сара Назарбаеваның туған күні

Oinet.kz 12-02-2021 1975

Осыдан 80 жыл бұрын (1941) Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаева дүниеге келді. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылжар ауылында туған. 

Сара Назарбаева.jpg

Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары оқу орнын экономист мамандығы бойынша бітірген. Аталған комбинатта «Қарағандыкөмір» бірлестігінде жұмыс істеген. 

1992 жылы елдегі ана мен балаларды әлеуметтік қорғау, балалар үйлерін қамқорлыққа алу, тұрмысы төмен, жетім балаларға жәрдемдесу мақсатында «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалады. Қазақстанда алғашқы болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын көтерді. Осыған орай Назарбаеваның тікелей қатысуымен жетім балаларға арналған балалар ауылдары салынды. Онда тәрбиеленген түлектер тұрғын үймен, білім алу мүмкіндігімен немесе жұмыспен қамтамасыз етіледі. 

1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті. Қор аурудын асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөлінеді. 

1994 жылдан «505 - Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті. 

1999 жылдан - «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы. «Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 ж.), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 ж., қосалқы авторлармен бірге) кітаптарының авторы. І дәрежелі «Достық» орденімен, «Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальмен, Халықаралық «SOS-Киндердорф» қорының Алтын медалімен, Балалар құқығын қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін ЮНИСЕФ-тің арнайы наградасымен марапатталған. Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының И. Дограмачи атындағы сыйлығының, халықаралық «Unity» сыйлығының, Денсаулық сақтау, қайырымдылық және өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу саласындағы ерен еңбегі үшін «Құрманжан Датқа» сыйлығының лауреаты, «Мээрман Энее-98» атағының иегері атанған.

Соңғы тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
«Шариғаттан аттамадым» - шырақшы қабірлерді қиратқан (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу