Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

Oinet.kz 28-02-2021 885

Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. 

Жамбыл Жабаев.jpg

Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.

Жамбыл “Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті.

 Жамбыл ақындық қуып, өлең жолын таңдаса, ағасы Тәйті әке дәулетіне ие боп қалған. Жәкеңнің айтуынша, Тәйті екі рет қажылыққа барған. Екінші барарында қайтпасын сезіп бауыры Жамбылға: «Шырағым, Жамбыл, тентегім. Сен еркелікті қой, үйге, шаруаға қара. Аман қайтсам, қолыңнан алармын, қайтпай қалсам, о дүниеде оң қолыңнан алайын. Алла түсімде аян берді, сүйегім Мәдинада қалады-ау», – депті. Айтқанындай Тәйті сол қажылық сапардан оралмаған екен. Сүйегі талай қажы «осында қалсам» деп армандап баратын, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жамбасы тиген топырақта – Мәдинада жатқан көрінеді.

Жамбыл жыраудың Кремльде, Сталиннің алдында намаз оқығаны бұл күні халық арасында аңыздай әңгімеленеді. 1936 жылы Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қазақ басшылары көптеген өнер адамдарымен бірге жасы 90-ды алқымдаған Жамбыл ақынды да алып барыпты. Кремльде Сталинмен кездесуді күтіп тұрған басшылар, сәлемді алдымен Жамбыл беруі керек деп шешеді. Бір кезде алтын есікті айқара ашып, Сталин бастаған политбюро мүшелері түгел көрінеді. Қарсы алып, сәлем беретін Жәкең жоқ. Бәрі жабылып, ақынды іздесе, Жәкең мәрмәр еденге шапанын жайып тастап, уақыты келіп қалған намазын оқып отыр деседі. Сасып қалған біздің басшылар демдерін ішіне алып, үн-түнсіз тұрып қалады. Сталин ғана қорқорын саусағына тықылдатып: «Әр ұлт өзінің дінін құрметтеуі керек», – деп күлімсіреп, халық сыйлаған ақынға кеңшілік жасаған екен.

Жәкең асықпай намазын бітіріп, шапанын киіп, белбеуін буынып, бері бұрылып: «Ассалаумағалейкум, Стеке!» – деген көрінеді. Осы оқиғаның куәгеріндей болған сол жерде түсірілген фотосурет Жамбыл музейінде сақталып, кейін жоғалып кетіпті. Намазына осылай беріктік танытқан Жамбыл ата әр өлеңі, жыр-қиссасын бастарда Аллаға бір сиынып алып: «Сөзімнің басы – бісміллә, бісмілләсіз іс қылма», – дейді екен. Тек хатшылары оның жырын қағазға түсірерде, Кеңес саясатына қарсы келетін сөздерді жазбай кетіп отырған.

Қаза болған анасы мен төрт баласы жер қойнына тапсырылды (фото)
Алматыда әкімдік қызметкері кісі өлтірген бе? - Сағынтаев жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу