Қыздың үнсіздігі — некеге келісім: Талибан үкіметі балалар некесін заңдастырмақ
Талибан үкіметі қыздардың үнсіздігін некеге келісім деп танып, кәмелетке толмағандардың некесін заңдастырмақ, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жаңа заңға сәйкес, егер қыз бала некеге қарсы екенін ашық түрде айтпаса, бұл оның некеге келісімі ретінде қабылданады екен. Сонымен қатар, бұрын некеде болған ерлер мен әйелдердің үнсіздігі келісім болып саналмайды.
Бұдан бөлек, енді әкелер мен аталар кәмелетке толмаған қыздардың некесін өз бетінше ұйымдастыру құқығына ие болды. Ал қыз кейін кәмелет жасына жеткеннен кейін ажырасуға әрекет жасай алады, алайда бұл мәселе тек Талибан соты арқылы қаралады екен.
Ауғанстан елінде шамамен әрбір үшінші қыз 18 жасқа толмай тұрмысқа шығады. Сарапшылар жаңа заң бұл көрсеткішті одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін айтады.


