«Аңқау еді» Аяжан Еділованы соңғы рет көрген құрбылары сұқбат берді

Oinet.kz 31-03-2021

Алматыда жантүршігерлік жағдайда қайтыс болды деген Аяжан Еділоваға қатысты және оны өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа деректер пайда болды. Марқұмның құрбылары мен бірге оқыған курстастары мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Алматы облысында дүниеге келген Аяжан Еділова 2017 жылы «Сымбат» сән академиясына оқуға түсіп, биыл қаңтардың соңына дейін оқу орнының жатақханасында тұрып келген. Дизайн және технология мамандығына түскен студент мамандығы бойынша киім дизайнымен әуестеніп, жұмысын Instagram желісіндегі парақшасына салып отырған. Сондай-ақ қаладағы «NailStudio» сән салонында қосымша жұмыс істеп, маникюр және педикюр (әйелдердің тырнағын бояу – авт.) жасаған. 

Жас қыз биыл 11 ақпанда қаладағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жатақханасына (Янтарная көшесі, 15) көшіп келген. Соңғы бір айда осы жерде Мөлдір есімді қызбен бір бөлмені жалдап тұрған. Университет әкімшілігіне айына 20 мың теңге төлеуге келіскен. Марқұмның бөлмелес көршісі оның 19 наурыз күні әдеттегідей жұмысқа кеткенін айтты.

Ал, Аяжанмен бірге 1 курстан бері бірге оқыған Баян Балтабай есімді қыз да осы жатақханада тұратын болып шықты. Ол қазір сабақ онлайн режимде болғандықтан, сирек кездесетінін айтады. Аяжанды құрбысы соңғы рет 10 наурызда көргенін есіне түсірді. Бөлмелерінде бірге тамақ жасап ішіп, өзара әңгімелесіп тарқасқанын айтады. 

«Ол қатты жұмысбасты болды. Оның «Аяла» деген киім линиясы болды. Оны Instagram-да жарнамалап жүрді. Одан бөлек, тырнақ әрлеп ақша тауып жүрді. Өз киімін өзі алатын, әке-шешесінен артық ақша сұрамайтын. «Өз мақсатыма өзім жетемін» деп жүрген қыз еді. Біз осы жақтан орын табылған соң (жатақханаға) көшіп келдік. Ол да жақында осында келіп тұра бастады», - дейді Баян Балтабай.

Аяжанның түрік тілін үйреткен ұстазы Әйгерім Үсенованың айтуынша, марқұм айналасындағылармен тез тіл табысатын ашық-жарқын қыз болған. Ол Аяжанмен кір жуатын бөлмеде танысып қалып, оған шет тілін үйретуге келісім берген. Медицина унисерситетінің жатақханасында тұратын мұғалім Аяжанға түрік тілін үйрету үшін 14 наурызда бөлмесінде кездескен. Сол күні өмірлік жоспары туралы айтып, алдағы жексенбіде келесі сабаққа келуге уәде берген. Алайда сол жексенбіде, яғни 21 наурызда полиция оның мәйіті табылғанын хабарлады.

Елтаңба авторы Шота Уәлиханов өмірден өтті
Күдікті ағасының үйінде тұрып, алкоголь өнімдерін сатып күн көрген


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×