Ақтөбе облысы жұттан малы қырылып жатқан Маңғыстауға көмектесетін болды

Oinet.kz 04-06-2021 2300

Құрғақшылықтан орын алған жұттан төрт түлігі қырылып жатқан маңғыстаулық шаруаларға мал азығы Ақтөбе облысынан жеткізілетін болды. Қос өңір арасындағы меморандум аясында Ақтөбе облысының Қобда ауданынан 10 мың гектар жер маусымдық шабындыққа берілді. 

Screenshot_4.png

- Ниет білдіруші кәсіпкерлер болса, шабындыққа қатысты осы жерге келіп, шабындық жүргізіп, облысымызға шөп жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Тағы да сөйлесіп келеміз, осы жерде, осы ауданның төңірегінде техника бар, - дейді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов.

Мал азығына қатысты құрылған арнайы штаб қазір Ақтөбе облысында іс- сапармен жүр. Келіссөз нәтжесінде Қобдадан бөлек Алға ауданы 15 мың мая шөп жібереді. Байғанин, Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандары шөп шабуға көмектесіп, қоспа жем, жем, жемшөп, астық қалдығын береді. Маңғыстау облысында биыл құрғақшлықтан шөп шықпай, мал аштан қырылып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 1400-ге жуық жылқы, қой, түйе арам қатқан.

Дереккөз: KTK.KZ

Енесінің тілін тапқан Айсәуле Бақытбек көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу