Айдос Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 07-06-2021 1899

Бүгін Түркістан облысының судьялар қауымдастығына Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы  Жарлығымен Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалған Айдос Едігеұлы Сұлтанов таныстырылды.

Screenshot_9.png

Таныстыру рәсімінде Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбеков алқа төрағасын құттықтай отырып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділдік пен бейтараптылық қағидатына берік болып, Мемлекет басшысының сенімін ақтауды тапсырды. 

А.Сұлтанов 21.09.1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 

2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1995 – 2008 жылдары Ішкі істер органында қызмет атқарған. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, 2013 – 2017 жылдары ОҚО Түлкібас аудандық сотының төрағасы, 2017 жылдан бері Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 

Шымкент: Қаратау ауданы әкімі жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг берді
Нығматулин Әзербайжанның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу