Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарды қатаң сынға алды

Oinet.kz 14-06-2021 11332

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі жас қыздардың әдебіне қатысты сын айтты. Әсіресе балағат сөз айтатын қыздардың тәрбиеден жұрдай екенін жеткізді.  

Screenshot_4.jpg

"Екі сөзінің бірі боғауыз адамдарды сіз де көріп жүрсіз ғой, Американы ашқандай болмайын. Ондайларға көзің де, құлағың да, өзің де үйренеді екен. “Связка слов” қой деп ақталады тағы. Осы жасқа келгенше талай адамды көрдім әдептіліктен жұрдай. Бәрін қойшы, бірақ мен үшін дәл қазір жап-жас қыз балалардың (12+) боқтап сөйлегені қатты жиіркенішті. Дым жараспайды, ұялып кетесің. Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту нағыз дөрекілік. Тәрбиесіздік. Мода емес. Боқтап сөйлегеннен сыйлы болып кетем деп ойласаң, ӨТЕ қателесесің”, – деп жазды тележүргізуші желіде.

Жанар Айжанова немересін қырқынан шығарды (видео)
Ләйла Сұлтанқызы жасы 40-тан асқандардың жөнсіз әрекетін сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу