«Күмәнім бар» - белгілі саясаттанушы Тасмағамбетов туралы (видео)

Oinet.kz 06-08-2021 3275

Белгілі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың ендігі кезекте Президент болу мүмкіндігі бар ма!? - деген сауалға жауап берді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтты. 

Тасмағамбетов, Шалөар Нұрсейіт.jpg

- Енді Ресеймен байланыс кез келген саясаткер үшін өте маңызды актив. Оның үстіне ол кісі соңғы жылдары Ресейде елші боБұл туралы лды. Сол жылдары Ресеймен қарым-қатынасын күшейтпесе азаймағаны, үзілмегені анық. Ол кісінің жалпы саяси қызметтен кетуі меніңше билік транзит жағдайында логикаға келетін дүние.  Қазір халықтың арасында бірден бір қолдауға ие азаматтардың бірі. Оны мойындау керек. Жалпы, қазіргі өкілдердің ішінен. Бірақ, Қазақстанда ешқандай ашық сацлау жүйесі жоқ. Бізде тек сайлауға қатысуға рұқсат алған азаматтар ғана қатыса алады. Қазіргі жүйе өкілдерінің ішінде осыны ескеру керек. Ол кісі де осы жүйенің ішінде, қанша жыл қызметте болды. Кейде адамның жан дүниесінде, санасында үнемі прогресс болады. Кей тұлғалар болады авторитарлық басқару жүйесін орнатады. Ал, енді Иманғали Тасмағамбетов Президент болғысы келетін болса өзінің бағдарламасын ұсынатын болса, Қазақстанның қазіргі саяси жағдайына қарап отырып, ол сценарийдің орын алатынына күмәнім бар - деді саясаттанушы. 

Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларының кездесуіне қатысып жатыр
Вакцинация салдырып, IPhone 12 ұтып ал‼️
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу