Қазақстанда жаңа қаржы вице-министрі тағайындалды

Oinet.kz 13-08-2021 806

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Данияр Жаналинов.jpg

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады. 2

002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

«Жұмысшы жастар – қуатты Қазақстан» атты жұмысшы жастар форумы өтті
Тоқаев Токио Олимпиадасының жүлдергерлерін марапаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу