Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты

Oinet.kz 23-10-2021

Шымкенттің білікті дәрігерлері 55 жастағы Нүрила Асқарбекқызын аман алып қалды. Науқастың өкпесінің 80 пайызы зақымдалғаны анықталған.

image.png

Ол 9 қыркүйек күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы келіп түскен болатын. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Науқас коронавирус инфекциясы мен тыныс жетіспеушілігінің салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Оған қоса науқастың қандағы оттегі мөлшері шамалы көтерілгендігі байқалады.

Ауруханада дәрігерлер оған хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Дәрігерлер тыныс алу жиілігі жақсарған, өздігімен тыныс алуда дейді. 

Бүгінде денсаулығы жақсарған науқас отбасымен қауышты.

Бірлікті сақтау – басты міндет
Түркістан қаласында «Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференц


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×