Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен басталы

Oinet.kz 26-10-2021 636

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Screenshot_1.png

Әлем чемпионатының бірінші айналымында Теміржанов Азия чемпионы моңғолиялық Эгкх Амар Хархуден үстем түсті.  Төрешілер жеңісті бір ауыздан отандасымызға берді. 

Бас төреші кездесудің екінші раундында дәрігерлермен ақылдасып, айқасты тоқтатты. Себебі, моңғолиялық боксшы жарақат алып қалды. 

Енді 23 жастағы Теміржановтің келесі қарсыласы 2019 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанған жапониялық Рейто Цуцуми болады. 

Танымал журналист Шыңғысханды және оған табынатындарды қатаң сынға алды
Түркияға әлемдегі ең бай адамдардың бірі турист болып келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу