Шымкентте «Қыз Жібек» операсы сахналанды

Oinet.kz 01-11-2021

Шымкент қаласының опера және балет театрында ұлттық музыка жауһары – Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қойылым жаңаша стильде сахналанған. 

image.png

Бұл жолы операның музыкасы қайта редакцияланып, жаңа акустикалық, компьютерлік, жарық беру технологиясы қолданылды. Қойылым – хореография тұжырымдамасы мен  кейіпкерлердің ойнау, сөйлеу, ән айту тәсілдері арқылы қазақтың дәстүрлі өнерінің басымдығымен ерекшеленеді. 

Қазақ өнерінің алтын қорына енген  2 актілі  4 көріністі операға жаңа тәсіл енгізу үшін ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе шақырылып отыр. 

Сахнада Әйкерім Шәріпбек Жібектің партиясын орындап, тыңдармандарға нәзіктік, сабырлылық, биязылық сезімдерінің шынайылығын жеткізді. Ал Төлегеннің образын Мәдіхан Дуисеев сомдап шықты. 

Операны тамашалауға келген көрермен залға толы болды. Мәдени кештен рухани азық алған көпшілік ерекше әсер алғандарын жасырмай, ризашылықтарын білдіруде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұхтар Тайжан шенеуніктерді футболшыға теңеді
Абай ауданында 35 спорт алаңшасы салынуда


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×