9 қабаттан секіріп кеткен келіншек үш баласымен жер қойнына тапсырылды (фото)

Oinet.kz 24-11-2021 6430

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйден секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаева перзенттерімен жер қойнына тапсырылды. 4 адамның жаназасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Үлгілі ауылындағы әйелдің келін болып түскен шаңырағынан шығарылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

image.png

Бақтыгүл мен 3 перзенттің жаназасы бүгін түске таман келін болып түскен шаңырақтан шығарылды. Жерлеу рәсіміне ауыл имамы келіп жаназа намазын оқыды.

Әйелдің күйеуіне, туған-туыстарына жақындау мүмкін болмады. Қара жамылған үйдің кіре берісінде полицейлер күзетке тұрған.

Жаназаға келген жұрттың қарасы көп. Қаза болған әйел мен 3 баласы Үлгілі ауылы маңындағы бейітке жерленді.

image.png

Назарбаев маңызды үндеу жасады
9-қабаттан секірген әйелдің күйеуінің бай көңілдесі бар болып шықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу