10-шы Азаматтық форум жұмысы аяқталды

Oinet.kz 26-11-2021 553

Қазақстанда өткен  10-шы Азаматтық форум мәресіне жетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласында өткен салтанатты жиынды тікелей байланыс арқылы еліміздің барлық өңірлеріндегі Азаматтық Альянс мүшелері тамашалады. 

image.png

Пленарлық сессияға ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Қазақстан Азаматтық Альянсының жетекшілері мен мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Биылғы азаматтық форумның ерекшелігі – оған халықаралық ұйым өкілдерінің де қатысуы болды. Пленарлық сессия отырысы мен одан кейінгі марапаттау рәсімін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшылары мен қалалық Азаматтық Альянс мүшелері онлайн тамашалады. 

Пленарлық сессияда Шымкент қалалық «Сана-сезім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шахноза Хасанова сөз алып, әйелдер, еңбек мигранттары мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау жөніндегі жетістіктерімен бөлісті.

Алматыда өткен салтанатты жиында ерен еңбегімен көзге түскен үкіметтік емес ұйымдарға биыл алғаш рет «Таңдау» республикалық премиясы табысталды. Марапатталған үкіметтік емес ұйымдардың арасында «Шымкент қалалық ACCESS түлектері ASAA» ұйымы да болды.

Форум жұмысы аяқталған соң Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов қатысушыларды  Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, азаматтық қоғамды дамыту жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға марапаттар табыстады.

Биыл Шымкенттен Солтүстік өңірлерге 52 отбасы қоныс аударды
Шымкенттегі сауда орталықтарында денсаулық күні өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу