Жаңаталап елдімекеніне сапалы ауыз су берілді

Oinet.kz 26-11-2021 491

Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде ауыз су мәселесі шешімін тапты.  Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, аталған елдімекендегі ауыз сумен қамту нысанының құрылысы мердігер мекеме «СМКиЖ-7» тарапынан жүргізілген. 

image.png

Бүгінге дейін нысанның құрылыс жұмыстар аяқталған. Қаладан шалғайда  орналасқан елдімекенде барлығы 1700  үй бар. Қазіргі уақытта 1000 үйге су есептегіш құралдары  орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы жүргізілуде.  

Айта кетейік, биыл мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіліп, көрсеткіш 95,6% -дан 98 %-ға өсетін болады.

Шымкенттегі сауда орталықтарында денсаулық күні өтуде
Жол апатынан көз жұмған жігіттің анасы Тоқаевтан көмек сұрады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу