Түлкібаста "Біз бақытты баламыз!" қайырымдылық балы өтті

Oinet.kz 30-11-2021

Screenshot_2.jpg

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, «1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне» орай, «Jas Otan» ЖҚ Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен «Біз бақытты баламыз!» қайырымдылық балы өтті.

Іс-шараның мақсаты «Кедергісіз келешек»  партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету, балалардың көңілін көтеретін мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Қайырымдылық балға; Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығының қызмет алушы балалары, 18-жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімінің тәрбиеленушілері, Түлкібас ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің оқушылары, «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев, «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ж.Жұман және аудандық мәслихат депутаттары мен жасотандықтар қатысты.

Жасотандықтар балалардың көңілін көтеретін ойындар ойнатып, мерекелік концерт қойды. Балалар да өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. 

Іс-шара барысында оңалту орталықтарының қызметкерлері мен белсенді жасотандықтар марапатталып, балаларға сыйлықтар табысталды. 

Шараға қатысқан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Қазағымның үні сенсің домбыра
Абай ауданында екі спорт алаңшасы ашылды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×