Мал шаруашылығын дамыту маңызды іс

Oinet.kz 30-11-2021

Шымкент қаласында «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасы, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ауыл шаруашылық министрінің м.а. 2021 жылғы 13 шілдедегі № 207 бұйрығына сәйкес, НҚА порталына қаулы жобасы орналастырылды.

image.png

Жобаны талқылау барысында 3 пікір ұсынылды. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 08.11.2021 жылғы №26 хаттамасы және Қоғамдық кеңестің 16.11.2021 жылғы № 1-1127 санды ұсынымы қоса тіркеліп, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім жасалуда.

Сонымен қатар, желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жануарларына мал азығын арзандату үшін subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы келген өтінімдерге субсидиялар берілетін болады.

- негізгі талаптар, ІҚМ бойынша өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан;

- қой бойынша өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан;

- жылқы бойынша өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан;

- шошқа бойынша өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Шымкент: Балалар ауруханасы жаңа құрылғымен толықты
Елордада еларалық жайдарман ойындары өтті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×