Бекшиннің қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

Oinet.kz 25-12-2021 1218

Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққан соң Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі мегаполистің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Ведомствоның хабарлауынша, Бекшин еңбек демалысына шыққан соң оның міндетін департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарады. 

- "Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның міндетін атқару Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктелді", - делінген СЭБД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Омикрон-штамм әлемнің 110 елінде анықталды
Қоғамдық тәртіп - басты міндет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу