Жүрсін Ерманның құдасында қуанышты жаңалық болып жатыр

Oinet.kz 24-01-2022

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус алда болатын сайлаудағы жалғыз кандидат болып тіркелді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлайды.

Screenshot_3.jpg

Фото qaz.ulysmedia.kz 

ДДСҰ-ның бас директоры қызметіне қайта ұсынылған Гебрейесустың кандидатурасын орындаушы комитет Женевада өтетін 150-ші сессия кезінде қарайды. Сайттағы ақпарат бойынша, шешім ассамблеяда 22-28 мамыр аралағында жасырын дауыс беру арқылы анықталуы тиіс. 

Үміткерлер 2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін тіркелген. Гебрейесустың кандидатурасын ұйымға мүше 28 ел ұсынған. Олардың ішінде: Қазақстан, Австрия, Ирландия, Бахрейн, Барбадос, Дания, Индонезия, Хорватия, Ботсвана, Кука аралдары, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Испания, Кения, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Оман, Португалия, Руанда, Словакия, Швеция, Тонго, Тринидад пен Тобаго бар.

Айта кетейік, Гебрейесус ДДСҰ-ның басшысы болып 2017 жылы сайланған. 

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Танымал ақынның жиені эфиопиялық азаматқа осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ал ол жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды. 

Железин ауданының тұрғыны Ертіс өзенінің жағасынан қару тауып алды
Орынбасар Пашимов дүниеден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×