Индира Елемес: Ерке келінмін, сәлем салмаймын, орамал тақпаймын

Oinet.kz 25-01-2022

Белгілі әнші Индира Елемес өзінің қандай екенін айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасында мәлімдеді.

Screenshot_3.jpg

“Мен Арыстың тумасымын. Әкем өмірден ерте озды. Отбасында 5 қызбыз. Ұл жоқ. Орындалмайтын арманым – әкем. Өзім шығыстың келінімін. Бірақ қайын жұртым Алматыда тұрады. Сондықтан келін болғалы осында тұрамыз. Жолдасым 6 ағайынды. Қайын әпкелерім бар. Бәрін жақсы көремін. Бәрімен татумын. Келін болғаныммен сәлем салып, орамал тағып жүрмеймін. Ондай талап жоқ. Ерке келінмін. Келіндік қызмет атқар, сен келінсің деп қарамайды ешкім. Егер күйеуің жақсы болса, бәрі жақсы болады. Әнші болғандықтан оған уақыт та табыла бермейді”, – дейді ол. 

Бизнес өкілдеріне тұжырымдама жобасы ұсынылды
Қайрат Нұртастың жұбайы балаларды қалай тәрбиелеу керек екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×