Сара Назарбаева мемлекетке қарыз екен

Oinet.kz 02-02-2022 2259

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында Сара Алпысқызы Назарбаеваның мемлекетке қанша қарыз екені көрсетілген. Назарбаеваға қатысты мәліметтер Комитеттің көпшілікке қолжетімді дерекқорында тұр, деп хабарлайды Экспресс К.

Screenshot_4.jpg

Онда Сара Назарбаева жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы мәлімет бар. Кірістер комитетінің анықтамасы бойынша зейнетақы, әлеуметтік және медициналық төлемдер бойынша қарызы жоқ болса да Сара Алпысқызының мемлекет есебіне аударуға тиіс сомасы көрсетілген. Қарыздың жалпы құны: 39 866 теңге 51 тиын.

Screenshot_3.jpg

© ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл соманың қайдан алынғаны белгісіз. Комитеттің базасында ол туралы нақты мәлімет жоқ. Базадағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

Түркістан: Басқарма басшысы 37 азаматтың өтінішін қарап, шешілуіне ықпал етті
«Үлгермеді»: Халық Байбекті қимай жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу