Танымал продюсер немерелерін көрсетпей қойған келініне қапалы

Oinet.kz 18-03-2022 8858

«Дүниеге құныққан біз емес!». Қайрат Нұртастың анасы мал-мүліктің соңына түсіп, балаларының бақытын ұмытты деп ойлайтындарға жауап берді. Гүлзира Айдарбекова Қайрат дүниеге келмей тұрып та жағдайының жақсы болғанын, қос-қос көлік мінгенін мәлімдеді. Ал ұлының еңбегімен жеткен дүниені «көрге алып кетпейтінін» ескертті. Сондай-ақ келіні Жұлдызға қатысты ойын айтты деп хабарлады Oinet.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

«Мен дүниені көріме алып кетпеймін. Қайрат нені қалайды, бәрі сонікі, қалғаны екі бауырынікі. Еңбек – Қайраттікі. Қайратқа дейін де квартирада отырған кезіміз болған емес. Студент кезден-ақ үйлі болып, қос-қос көлігіміз болған, бізге сол да жетеді. Нұрекең екеуміз аз табыс тапқан жоқпыз, не ішемін, не киемін дегізген де жоқпыз. Дүниеге құнығатын біз емеспіз. Бүкіл ата-ана балалары үшін еңбек етеді, қара басы үшін емес», –  деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат пен Жұлдыздың арасындағы түсінбестіктің салдарынан ата-әжесі бүгінде немерелеріне жете алмай жүр. Десе де, Нұртас Айдарбеков те, Гүлзира Айдарбекова да оларға деген сағынышын желі арқылы жеткізуде. Бірер күн бұрын жұлдызды ата-әже Қайраттың ұлы Нарұлды туған күнімен құттықтады.

«Ал немерелерімді менен артық ешкім жақсы көре алмайды, олар біздің ұрпағымыз. Жұлдыз экранға шықпағаны болмаса, тығылып, түрмеде отырған кезі болған емес. Үй жұмыстарын да қызметші жасады. Жұлдыз менің ата жауым емес, өз келінім. Уақыт емші, бәрін де түсінер. Сиырдың басына туған күн, бұзауға да туар», – деді Айдарбекова.

Жұлдыз Әбдукәрімова отау құрған қайын інісі Заңғардың қуанышына ортақтаспады. Тіпті, балаларын да жібермеді. Айдарбекованың айтуынша, бұл – Жұлдыздың өз шешімі.

«Мен Жұлдызбен ұрысып көргенім жоқ. Келсе, есігім ашық, келмесе, жас емес, өз шешімдері. Балаларды көрсеткісі келмесе, олар менің қаным. Есі кірген кездерінде өз қанын таппай қоймайды. Бәрі де уақытша, тіптен өмір де уақытша», – деп түсіндірді Қайрат Нұртастың анасы.

«Ағаш сияқты»: Жұрт Қайрат Нұртастың келінінің үй жинағанын сынға алды
Айгүл Иманбаева 45 жасын Алматы төрінде дүркіретіп атап өтті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу