Шымкенттік оқушылар қоржынында 10 жүлде – NIS-тің желілік олимпиадасы аяқталды

Oinet.kz 05-04-2022 685

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Желілік олимпиада нәтижесі белгілі болды. Барлық NIS оқушылары бақ сынасқан олимпиадаға Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 30 оқушы қатысты. Оларды 10-ы жүлделі орындарға ие болды.

Screenshot_15.jpg

Атап айтсақ, география пәнінен Даниял Сәден мен Ертай Машан топ жарып, жүлделі I орынды иеленді.  Ал, ағымдағы жылдың 22-23 тамызында өтетін Халықаралық «Жер туралы ғылым IESO 2022» олимпиадасына жолдама алған Нұрзат Баратбек дәл осы пән бойынша III орын иегері атанды.

Білімді оқушыларымыздың бірі Нұрболат Нәсір физика пәнінен, Дана Жәнәлі Қазақстан тарихы пәнінен II орынға табан тіреді. Дәл осындай жүлдені орыс сыныптарындағы қазақ тілінен Азамат Абдураимов иеленді.

Малика Музаббарханова  мен Ақтоты Егімбек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Алина Мәденқызы қазақ сыныптарындағы орыс тілі, Меруерт Андағұл құқық негіздері пәнінен жүлделі III орын тұғырынан көрінді. 

«Hollywood» емес, «Түлкібасы - құт мекен»
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу