Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді

Oinet.kz 01-04-2022 620

Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр.

Screenshot_1.jpg

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді. Оның еңбегінің күрделілігі – ірбір оқушының жүрегіне жол табуында. Әрбір баланың жүрегіне жол табуында, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлатка алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болу; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол – нағыз ұстаз.

Бүгінгі күрделі процестің бірі – кадр, өйткені кез-келген өзгеріс заман талабына білікті ұстазсыз жете алмайды. 

Әрбір педагогикалық институттар мен университеттердің алдына қойған басты мақсаты – сапалы, білімді келешек педагогтар тәрбиелеу. Болашақ жазушылар мен ақындар, ғалымдар мен білікті кәсіпкерлер, инженерлер мен дәрігерлерге бағыт-бағдар беретін ұстаздарды тәрбиелеу осы оқу орындарының қабырғасыда қаланады. Болашақ мұғалімдердің ертеңгі көкжиектен білікті азамат ретінде көрініп, өз мамандығының шебері атануы – университетте оларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне байланысты .Осындай маңызды да жауапты істі жүргізіп отырған оқу орындарының бірі – Орталық Азия Инновациялық Университеті. Аталмыш университеттің құрамындағы «Педагогика және білім беру технологиялары» кафедрасында мектепке дейінгі оқыту мен  тәрбиелеу, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика психолология бойынша мамандар даярланады. 

Ізденімпаз жастарға 2 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 5 магистр аға оқытушы дәріс береді. Ұжым арасында болашақ мұғалімдерге бағыт-бағдар беретін өнегелі мамандар аз емес. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Молдабек,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г Мұсабекова, педагогика ғылымдарының кандидаттары Р.Кенжебекова, С.Қожагелдиева, Д.Кішібаева, Г.Жүзбаева,  филология ғылымдарының кандидаты Г.Алиева  сияқты ғалымдар ұжымда үлкен беделге ие. Кафедра ұжымының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы келешек педагогтырға әлемдік ғылым мен прогрес деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр. 

Әрбір кафедраның оқытушы-профессорлары ұлы орыс педагогі  К.Д.Ушинскийдің: «Бірде бір мұғалім өзінің ең басты міндеті оқушыларды ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол пәннің өзін оқытудан әлде қайда аса маңызды екенін ұмытпау керек», - деген пікірін үнемі өз шәкірттеріне сіңірумен келеді. Өйткені адамның шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамның табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерліктер де адамның шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Адам өз бетінше ойланып-толғанып әрекет ентіп үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете алмайтын жағдайға жетеді. Тілі мен ойлау процесі дамымай шығармашылық қабілетінің жетілуі мүмкін емес. Білімді де қалыптасқан, жетілген, кездескен қиыншылықтарды өз бетінше шеше алатын ұрпақтың болуы – бүгінгі қоғам талабы.   Міне сондықтан кафедра мүшелері әрбір студенттің тілі мен ой еңбегін дамыту, өз бетінше білім алу іскерлігін шыңдау қажеттілігіне баса назар аударады. 

Тәжірибе сабақтарында студенттің тақырыпты ашу жолдары, пайдаланған әдіс-тәсілдерімен бірге оқушыны ой еңбегіне баулу жолдары талап етіледі. Сабақ процесінде ойлаудың қай формасын, кай операциясын жүйелі пайдаланғаны жөнінде талқыланады. Үнемі жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіліп отырады. Біз студенттерімізге үнемі мына мәселе жөнінде естеріне салып отырамыз: «Мұғалім – білімді, ақылды, бірақ барлық мағлұматты өзі айта салмайды, өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Демек мұғалім мәселе қояды, ойлау жолын ашады, әрекеттердің барысына бағыт-бағдар береді. Оқушылар мәселенің түйінін өздері шешеді». Кафедраның әрбір мүшесі шәкірттерінен ұлы неміс педагогі А.Дестервегтің: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді», деген принципін сабақ барысында негізге алуды талап етіп отырады. Жетістіктері де көңіл қуантарлық. 

Кафедра мүшелері тәуелсіз елімізге таным процестері дамыған, қарым-қатынасы жаңаша, оқытудың озық идеяларын меңгерген, іздемназ, шығармашыл, кәсіби деңгейі жоғары ұстаздар қажет екенін біледі. Сол үшін студенттерімізге мынадай талаптар қоямыз. Соны шәкірттеріміздің мүлтіксіз орындауды талап етеміз:

- Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығының шебері болуы тиіс;

- Ұстаздың еңбек жолындағы алғашқы қадамы шәкірттің оқуға деген ынтасына мән беруден басталады;

- Оқушыға қойылған талап, оның дамуындағы ақиқат шындықпен іштей бірлік тауып үйлесімді болса ғана, сіз жүргізген тәләм-тәрбие нәтижесі;

- Мұғалім үзбей өз бетімен білімін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс;

- Мұғалім алдында отырған шәкірттің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуінде;

Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдырулы ұмытпаған жөн «Дарындылыққа ұмтылуы таң қалудан басталады».

Бұл талаптар әр сабақ сайын үнемі қайталанып отырылады. Міне, осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып басшылыққа алып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары, еңбегі жемісті болмақ.   

Кафедраның оқытушы-профессорлары бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Қазақ тілі»  оқулығын, «Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері» атты монография, 1-4 сыныптарға арналған «Диктанттар жинағы», «Мазмұндама жинағы», «Шығарма жаздырудың әдістемесі»,  «Дидактикалық ойындар қазақ тілі сабақтарында» және «Зат есімді оқыту әдістемесі» деген әдістемелік құралдар жазып, студенттерге ұсынылған. Бұл еңбектер студенттің қалыптасуына, әдістемелік жағынан байи түсуіне   игі әсер ететіні сөзсіз. 

Жыл сайын студенттердің ғылыми конференциялары өткізіліп тұрады. Жоғары деңгейде жасалған ғылыми баяндамалар республикалық турға ұсынылады. Нәтиже көрсеткен студенттер магистратураға қалдырылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыруына  жағдай жасалады. 

Енді біздің кафедра дайындайтын мектеп жасына  дейінгі балаларды оқыту мәселесін қарастырсақ. Ондағы тәрбиенің сан алуан келелі мәселелеін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – мектепке дейінгі мекемелер болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқытудан мазмұны, ұйымдастыру формасы, әдістері жағынан өзгеше. Балабақшаларда балалар қоғаммдық өмір, табиғат құбылыстары, адамаралық қатыныстар, қоршаған орта туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым біліңмдермен қаруланады. Бұл білім қарапайым болғанымен, баланың әрі қарай дамып, қалыптасуыны ерекше ықпал ететін негіз болады, сонымен қатар мектеп білімін сапалы игеруге мүмкіндік береді.

К.Л.Ушинский: «Мектепке дейінгі балалық шақтың өзінде сапалы оқуды ойыннан бөліп қарау керек және бұл кезеңдегі оқытудың міндеті мен мазмұны баланың сөз байлығын дамыту, ақыл-ой күшін жетілдіру, мектептегі оқуға дайындауға бағытталуы тиіс», деп көрсеткен. Жасыратыны жоқ қазақ балабақшаларында пайдаланылатын оқу құралдары, әдістемелік әдебиеттер, көрнекі құралдар тапшы. Әлі қалыптаса қоймаған десем қателеспеймін.Сол кемшілікті жою мақсатында кафедраның оқытушы-профессорлары мектепке дейінгі дидактиканы теориялық және эксперименттік талдаулар негізінде «Тіл дамыту», «Мектепке дейінгі балалардың зейіні мен есін дамыту», «Тіл дамыту – ой дамыту» және «Балабақшада жүргізілетін сабақтар және оны ұйымдастыру» деген әдістемелік құралдар жазып, алғаш рет Шымкент қаласындағы балабақша тәрбиешілерінің талқысынан өткізіліп, мақұлданған соң  студенттерге ұсынылды. Мақсат студентке таза білімнің өзін бере білу ғана емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктерінке сай пайдаға асыра білуге үйрету. Жастарға білім беру, тәрбиелеу бір орнында тұрып қалмайды, ол үнемі дамып отырады. Сондықтан оқыту, білім беру теорияларын, тиімді әдіс-тәсілдері мен көрнекі құралдарды үнемі жаңартып отыру қажеттілігін  ескертіліп отырылды.    

Адамзаттың алыбы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадисінде: «Ұстаз ата-анадан ардақты» деген ұлағатты сөз бар. Хадистегі ұстаз деңгейіне жету үшін болашақ ұстаздарда мынадай қасиеттер болуы тиіс: өз пәнін жан-жақты да терең меңгеру;    мамандығын, алдында отырған оқушыларын жан-тінімен жақсы көру және аналық (аталық) мейірімге бөлеу; олардың табиғи талантын анықтап, оны жетілдіруге бағыт-бағдар беру; шәкірттерінің әрбір жетістігіне қуанып, кемшілігін түзетуге атсалысу.  

Аталмыш кафедра оқытушы-профессорлары шәкірттеріміздің рухани жағынан жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, әдебиет пен өнерге зерделі эстет жан, зипа бойындағы ізетті, пәк сезімді тазалығы, ішкі мәдениеті жан біткенді жылы мейіріммен баулайтын тұлға болып қалыптасуына міндеттіміз деп есептейді. Осы асыл қасиеттердің барлығын болашақ ұстаздардың бойынан көргісі келеді.      Ы.Алтынсарин айтқандай: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені мұғалым – мектептің жүрегі», деп бекер айтпаған. Біздің университеттен білім алған  шәкірттеріміз ұстаздық мамандығын мақтаныш етіп, алдында отырған әрбір баланы жұлдыз деп танып, оның жарқырауына көмектеседі деп сенеміз.

Бегман ЫСҚАҚ, 

тіл жанашыры,

"Рейтинг" газеті, наурыз, 2022 ж

Шымкенттік оқушылар қоржынында 10 жүлде – NIS-тің желілік олимпиадасы аяқталды
Дулат Исабековтың отбасы қара жамылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу