«Айлығымызды көбейтсін»: Жаңаөзендік жұмысшылар министрліктің алдында түнеп жатыр

Oinet.kz 13-05-2022 1264

Жаңаөзеннің "Кезби" компаниясының жұмысшылары Нұр-Сұлтанға келіп, еңбек министрлігінің алдында түнеп жатыр. 10 күннен бері далада қонып жүрген олар жалақыларының аздығына наразы. Бұл жөнінде  31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөлімі хабарлайды.

Screenshot_27.jpg

"Әлік Айдарбаев бізге Маңғыстау облысына келіп, "ҚазМұнайГаз-дың" басшысы "ӨзенМұнайГаз-ға" 30% жалақы көтеріледі. Қасындағы серіктес, мердігер мекемелерге де толықтай сол айлық көтеріледі деген. Сол сөзі сол айтылған жерде қалды. Ештеңе шешілген жоқ. Сондықтан біз соны талап етіп сұрадық. Маңғыстау облысында ешқандай шешім таба алмағандықтан, осы астанаға келдік", - дейді "Кезби" ЖШС жұмысшысы Қуатбай Темірбайұлы.

10 күн бойы министрлік алдын тоздырған жаңаөзендіктер өткен-кеткен бір шенді мен шекпенді жағдайымызды сұрамады, деп қапалы. Ал министрлік өкілі 20 күннен бері жұмысшылар талабын орындау үшін жұмыс істеп жатқандарын айтады.

"Баратын комиссияны өзім басқарып баратын болдым Жаңаөзенге оның ішінде "Кезби" мекемесіне. Басқа өңірлерден, атап айтатын болсақ, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облысынан бір-бірден инспекторларды алып отырмын, сонымен қоса жергілікті үш инспекторды алып, жалпы он адам болып тексеріске барайық деп жатырмыз", - деп түсіндіреді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов.

«Қазақ қызы хиджаб кимеген» - аудармашы
Жұлдыз Әбдікәрімованың әкесімен түсен фотосы елді сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу