Оқушылар енді тек қазақ тілінде білім алады - министр

Oinet.kz 06-06-2022 13882

Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді.

Screenshot_1.jpg

Мектептерде ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайды – министр. 

Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты.

"Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады», - деп түсіндірген Асхат Қанатұлы. Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт екенін де атап өткен ведомство басшысы. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізу жоспарланып отыр".

Screenshot_2.jpg

Түркістанда енесімен жанжалдасып қалған әйел сәбиін өзенге батырып өлтірген
Қазақстанда пластик қалдықтарды шығаруға тыйым салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу