Көне Шымкент – киелі мекен

Oinet.kz 24-08-2022 542

Шымкент қаласының тарихы терең, мән-мағынасы жоғары қасиетті орындары жетерлік. Киелі жерлерді бауырына басқан аймақ – Шымкент қаласы археологтардың пайымдауынша, Шымкент қаласы еліміздегі ең көне қалалардың бірі, оның тарихы 2200 жыл бұрын басталған. Шымкент - республикалық маңызы бар қала, Қазақстанның негізгі өнеркəсіп, сауда жəне мəдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мəдени астанасы мəртебесіне ие болды.

2022_08_24_2020_11_24_105019363600.jpg

Қала территориясында 4 археология ескерткіші бар. Олар: Шымкент қалажұрты, б.д.д. II ғ. – XIX ғ.,патшалық оба, б.д.д. V-IV ғғ., Қайтпас 1 мекенжұрты, I-IV ғғ. Обалар тобы, б.д.д. III – б.д. I Сайрам тұрғын алабында Сайрам қалажұрты (Испиджаб, Исфиджаб), Абдул Азиз баб кесенесі, Ибрагим ата кесенесі, Қазы Байза кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Мірəлі баб кесенесі, Қожа Талиға кесенесі, Қызыр Пайғамбар мұнарасы, мазарат, Ұлықтөбе мекенжұрты сынды ескерткіштер аталған. Алайда бұрынғы архивтік деректер мен 1960 жылы шыққан «Археологическая карта Казахстана» атты реестрдің мəліметі бойынша Шымкент қаласының жаңадан бекітілген аумағында ескерткіштер саны едəуір көп. Сондықтан Шымкент қаласы бойынша тарихи- мəдени объектілерін түгендеу, қорғау аймағын белгілеу жəне паспортын дайындау мəселесі өзекті болып отыр. Аталған мəселе бойынша Қазақстан Республикасы "Шымкент қаласының мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасына қарасты «Шым қала» тарихи-мəдени кешені Шымкент қаласының ескерткіштер жинағы энциклопедиялық сипаттағы ғылыми-анықтамалық басылымын шығарды. Жинаққа тарихи-мəдени нысандарының мемлекеттік тізіміне енген жəне жаңадан анықталған ескерткіштер кірген. Онда жылжымайтын ескерткіштер жайында тексерілген, нақты мəліметтер мен олардың тарихи құндылығы мен көркемдік қасиеттері қысқаша баяндалған.

Жинаққа тарихи-мəдени мұраның келесі түрлері енді:

- Археология ескерткіштері – мекенжұрттар, қалажұрттар, жерлеу орындары

- Киелі объектілер – кесенелер, киелі орындар

- Монументтік өнер ескерткіштері – монументтік мүсіндер, монументті-декоративті өнер ескерткіштері.

Жинақта ескерткіштердің орналасуы көрсетілген қаланың схемалық картасы, əр ескерткіштің орналасқан жерінің географиялық координаттары,

ескерткіштің ерекшеліктерін ашып көрсететін жалпы фотосуреті көрсетілген.         

Жұмыстар нəтижесінде 33 археологиялық ескерткіш, 57 монументалдық өнер туындылары, 9 киелі объекті есепке алынып, паспорты жасалды. Сонымен қатар, Қазақстанның археологиялық картасы жасалған уақыттан бері 60 жыл өткендіктен ескерткіштердің біршамасы жойылып кеткендігі көрсетілген. Қаланың қазіргі қарқынды дамуы барысында да ескерткіштер жағдайы ескерусіз қалып отыр. ТЭЦ-3 жанындағы Қаратөбе мекенжұрты түбегейлі жойылған. Тұран мөлтекауданындағы Қайтпас 1 мекенжұртының 50% қазылып алынған. Қайтпас обалы қорымының 95 % жойылған. Бірнеше обалы қорымдар, обалар тобы мен жалқы обаларды тұрғын үй массивтері жойылып кеткен.

Ғылыми ізденістер барысында бірқатар бұрын есепке алынбаған ескерткіштер анықталған. Олар:

1. Қайнарбұлақ мекенжұрты,

2. Қособа обалар тобы,

3. Қайнарбұлақ обалар тобы (3)

4. Қайнарбұлақ обалар тобы (5)

5. Мекенжұрт

6. Бадам төрткілі

7. Қособа

Шымкент қаласының ескерткіштер жинағы ескерткіштердің келешекте одан əрі зерттелуіне, қорғалуына жəне пайдаланылуына ғылыми негіз болады.


«Шым қала» тарихи-мəдени кешені» КММ-ң

Қорларды ғылыми  зертттеушілік қамтамасыз ету

бөлімінің меңгерушісі

Қасымхан Аблайханұлы

Өрт болған саяжайдан ер адамның денесі табылды
Көне Шымқаланың бүгінгі келбеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу