Өскеменде «зорландым» деп арызданған әйел сотталды

Oinet.kz 27-08-2022 1576

Өскеменде, зорланғанын айтып, арыз жазған әйел адамның өзінің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Noks.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Аталған қылмыстық істің мән-жайы туралы қалалық №2 соттың үкімінде көрсетілген.

Белгілі болғандай, қала тұрғыны бұрын бірге тұрған досын — ер адамды үйіне қонаққа шақырып, өзара көңіл көтерген. Артынша әйел бұрынғы ғашығынан әйелін тастап, өзіне оралуын өтінген. Алайда ер адам оның бұл өтінішінен бас тартқан.

«Сүйіктісі өзінен бас тартқан соң ашуланған келіншек полицияға барып, өзінің зорланғанын айтып шағымданған. Алайда оның өтірік айтқаны әшкереленіп, арызданушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Артынша сот қала тұрғынын Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігімен (адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп таныды», - делінген сот хабарламасында.

Әйел үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Пәкістанда 900-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды
Немересі бүкіл шындықты ашып айтты. Бес баласы анасын неге тастап кеткені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу