«Ақымақ емеспін ғой мұндай мүмкіндікті пайдаланбай отыра беретін»: Пәтер иесінің қысымы (видео)

Oinet.kz 25-09-2022

Ресейде жарияланған мобилизациядан қашып елге кіріп жатқан орыстар пәтер жалдаушы қазақтардың - соры, пәтер иелерінің - бағы болып тұр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Инстаграм желісінде пәтер иесі жалдаушы азаматқа бір күн ішінде пәтерді босатуын талап еткен видео тарады. Аталған видеода пәтер иесі:

"Амансың ба,? Пәтерді 600 мыңға жалда деп жатыр. Орыстар келіп жатыр. Қалған күндерінің ақшасын қайтарып беремін. Пәтерді босата қой, інім. Өйткені, Ресейде орын алған жағдайларды пайдаланып, біз деген кредиттерімізді жабайық",- дейді.

Пәтер жалдаушы қазір шыға алмайтынын айтып жауап қайтарған оған пәтер иесі:

"600 мың төле де тұра бер. 600 төлей алмайды екенсің шығасың. Менің кредитімді сен төлейсің бе? Пәтер менікі өзім білем. Адамгершілікті Президенттен сұра, маған ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Қазір полицямен барамын да, шығарып жіберем. Мынадай мүмкіндікті пайдаланып қалмасақ, бізге ешкім бермейді ондай ақшаны. Мен ақымақ емеспін ғой мұндай мүмкіндікті пайдаланбай отыра беретін",- дейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана 24/7

Какие документы нужны для продажи квартиры
Алматыда өткен жүгіру марафонында 47 жасар ер адам қайтыс болды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×