«Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ анықталды

Oinet.kz 13-10-2022 436

Screenshot_9.jpg

Қазығұрт полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Әйелдің айтуынша, оған танысы  жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендірген. Осыдан соң ол  танысына  100 000 теңге берген. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 1 жылға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. 

Полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар  жұмыссыз жергілікті тұрғын, ер адам анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге  қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай, күдікті азамат  жәбірленуші әйелдің ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген. 

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Президент сайлауы: Бірнеше үміткердің кандидатурасы талапқа сай болмай шықты
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу