Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік қамауға алынды

Oinet.kz 13-10-2022 415

Screenshot_10.jpg

Cарыағаш аудандық полиция бөліміне  шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Кольт» атты қызметтік ит Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына  жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға   белгі береді.

Полицейлер күмән тудырған азаматты тоқтатып, тексереді. Осы сәтте  күдікті азаматтың күртешесінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның «марихуана» есірткісі екені расталды.

Ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені анықталды. Күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген алаяқ анықталды
Мас халде көлік басқарған ер азамат көлік басқару құқығынан айырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу