Немерелі бола алмай жүрген Рымбаева келіні туралы құпиясымен бөлісті

Oinet.kz 23-08-2022 6691

Осыдан екі жыл бұрын келінді болған Роза Рымбаева немерелі болуды аңсап жүр. Жасы 65-ке таяған әнші немерелі болсам, дүркіретіп той жасаймын деп уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

Рымбаеваның тұңғышы Әли өмірлік серігі ретінде қобызшы Ақерке Бүркітбайды таңдады. Екі жастың отау құруы пандемиямен тұспа-тұс келіп, Рымбаева ұлына үлкен той жасай алмаған. Есесіне немерелі болған жағдайда, дүркіретіп той жасауға уәде берді.

"Тойымыз карантин кезінде болды. Күндізгі сағат 1-ден кешкі 6-ға дейін 50 адамға беташар той жасадық. Үлкендердің барлығын шақырып, Атыраудан құдаларды күтіп, солай ғана өткіздік. Үлкен той жасауға рұқсат болған жоқ. Бұйырса өмір алда. Немерелі болып қалсақ, шілдехана той жасаймыз. Оны уақыт көрсетеді", - дейді Роза Рымбаева. 

Өнер сапында жүрген келініммен әңгімеміз бір, деп қуанған Рымбаева Ақеркемен қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды. 

"Келінім ақылды, тәрбиелі. Өзі музыкант, консерваторияны бітірген. Марқұм әкесі де музыкант болған, шешесі мұғалім. Отыра қалған кездегі төртеуміздің (Әли, Мәди, Ақерке, мен) әңгімеміз бір. Тыңдайтын музыкамыз да, ұстанымымыз да, көзқарасымыз да, түсінігіміз де бір. Бізге өте жеңіл", - деп түсіндірді ол. 


Түркістанда Қ.К.Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штаб құрылды
Президент сайлауы - жаңарудың жаңа белесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу