Құрылысы бітпеген үйге ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Oinet.kz 01-11-2022 261

Screenshot_7.jpg

Кентау қалалық полиция бөліміне  жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша,  оның құрылыс жұмыстары бітпеген үйіне ұры түскен. Яғни,  үйдің есігін белгісіз біреу бұзып, ішінде тұрған цемент араластыратын (миксер) техникасын жымқырып кеткен. Шығын көлемі 270 000 теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. 

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында, тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде күдікті ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, үйге, сауда орындарына, қоймаларға, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Өзгенің мүлкін жалға алып, бас пайдасы үшін сатып жіберген алаяқ ұсталды
Полицейлер жасырын цехты анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу