Полицейлер жасырын цехты анықтап, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі

Oinet.kz 01-11-2022 262

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды.

Бұл жайт ҚР ҚК 222-бабы 1-бөлігі "Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану" бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.

Нәтижесінде полицейлер 4 ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және 1 Өзбекстан азаматы.

Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде, 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы 8 тоннадан асты.

Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни "Ariel", "Миф", "Tide" және "Persil" сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған.

Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Құрылысы бітпеген үйге ұрлыққа түскен ер адам анықталды
Түркістан: Теміржолшылар кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу