Қожабаев қамалды. Ендігі кезек кімдікі?

Oinet.kz 13-01-2023 477

image.png

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура, антикорда лауазымды қызметтерді атқарған Мақсат Қожабаевтың тұтқындалғанын хабарлады. 

«2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды»,– делінген комитеттің таратқан қысқа ғана ақпаратында. Мақсат Қожабаев уақтысында Сарыағаш ауданының прокуроры қызметін атқарған. Қожабаевтың құзырлы органдардағы керемет карьерасын кейбіреулер қазіргі Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен байланыстырады. Айталық, Марат Ахметжанов Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болған жылдары Мақсат Қожабаев оның орынбасары лауазымына көтерілді. 2012 жылы Ахметжанов қаржы полициясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Қожабаев сол жылы қаржы полициясының Қызылорда облыстық департаментіне басшылық жасады. 2016 жылы Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары лауазымына ауысып келді. Қожабаев 2017 жылы Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2018 жылы Шымкент қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды. 

2021 жылы Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды. Артынша Қожабаев оның орынбасарының креслосын иеленді. Ол бұл қызметтен былтыр сәуірде, Ахметжанов министр болып кеткеннен кейін босатылды. Осыдан кейін Қожабаев ешқандай лауазымға тағайындалған жоқ еді. 

Дәл қазіргі уақытта Мақсат Қожабаевтың қай креслода отырған кездегі тірлігі бойынша айыпталып жатқаны белгісіз. Сондықтан алдын ала пәлен-түген деп кесіп айту қиын. Бірақ бұл жағдай Қожабаевтың қамқорлығын көріп жүрген Оңтүстіктегі біраз азаматтардың көңіл-күйін түсіріп тастағаны, ертенгі күніне алаңдаушылығын туғызғаны анық.

"Рейтинг" газеті

Бейбіт халыққа оқ атқызған Бектанов па?
Kaspi Гид: тысяча ответов на ваши вопросы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу