Камералық бақылау жемісін беруде

Oinet.kz 17-03-2023 183

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №9404725-1 «Күзет қызметтері» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысы «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 38 бабы 1 тармағында «Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде толтырылған мәліметтер тек қазақ тілінде толтырылғандығы анықталды.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысы «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Е.Әміреқұл,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінінің бас маманы 

Камералық бақылау арқылы заңсыздықтар анықталды
Камералық бақылау арқылы әділдікке жетуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу