Камералық бақылаудің берері мол

Oinet.kz 17-03-2023 171

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  2023 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған № 9376550-1 «Автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 43 бабы 22 тармағында «Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша деп Заң талаптарына сәйкес көрсетілмеген.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Б.Бегімбетов,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы 

Камералық бақылау заңсыздыққа жол бермейді
Камералық бақылаудың заңды сақтауда үлесі мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу