Екібастұзда мұғалім 14 жасар оқушыға жақындасуды ұсынып, хабарламалар жіберген

Oinet.kz 19-06-2023 1097

Екібастұзда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі14 жастағы оқушыға тиісті деп айыпталды. Болған оқиға туралы баланың ата-анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Анасының сөзінше, мұғалім оқушыға түрлі хабарламалар жіберген. 

"Ол хат жазып, түрлі әдепсіз ұсыныстар айтып, жақындасу туралы ұсыныстармен аудиожазбалар жіберген", – деп жазды анасы. 

Екібастұз білім басқармасы бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Бұған дейін де, қазір де ата-аналар мен балалардан бұл мұғалімге қатысты өтініш түспеді. Ақпаратты көре салысымен мұны полицияға бердік", – деп жауап берді басқарма өкілдері. 

Қазіргі таңда құзырлы органдар Қылмыстық кодекстің 123-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бабымен тексеріс жүргізіп жатыр. 

Сүт шығаратын зауытта сүтке шомылып, сыра төккен ресейліктер елді шошытты (видео)
Қазақстандық журналисті Грузияда біреулер өлтіріп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу