740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қарызы өтелді

Oinet.kz 25-07-2019 776

Screenshot_15.jpg

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша  «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қолдауымен үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесі бойынша жыл басынан бері 9 мекеменің 819 жұмыскерінің алдындағы 121,8 млн. теңге жалақы қарызы болса, 6 айдың қорытындысымен оның саны 3 мекемеге азайды және 740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қарызы өтелді. Бұл туралы бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов ақпараттық-коммуникациялар орталығында өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады. 

Жалпы, кәсіподақ жұмысының негізгі мақсатына тоқтала кетсек, кәсіподақ жұмысшылардың құқын қорғау, еңбек ұжымында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмысберушілердің жұмысшыларға жағдай жасау талаптарын енгізу, зейнетақы қорына қаржы аудармай қолма-қол нақты ақша алуды жою немесе көлеңкелі бизнестен ашық бизнеске өтуді қолдау, жұмысберушілердің жұмысшыларға ай сайын жалақыларын мерзімді төлеуін қамтамасыз ету және жалақы қарыздарын болдырмау, сондай-ақ адам өміріне қауіпті және зиянды жұмыстарда жұмыс істегендері үшін қосымша төлемақы алу талаптары бойынша жұмысшылар құқықтарын қорғау жұмыстарымен айналысады. 

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен байланыста жұмыс жасайтын жалпы 2070 кәсіподақ ұйымдары бар, оның 10-ы Түркістан облыстық және 2-уі Шымкент қалалық салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен филиалдары, 44-і аудандық филиалдар, өкілдіктер мен жергілікті кәсіподақтар және  2014-і бастауыш кәсіподақ ұйымдары.

2019 жылдың 6 айында өңір бойынша жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға азайды. Оның ішінде, Түркістан облысы бойынша 7 оқиғаға азайды, ал Шымкент қаласы бойынша 13 оқиғаға азайды.

Бірлестік төрағасының айтуынша, бүгінгі күнге кәсіподақ мүшелерінің 9960 адамы немесе 6% оқытудан өтті. Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1364 өндірістік кеңес, оның ішінде 1281-і кәсіподақ бастамасымен құрылған.

Жалпы жұмыс жасайтын 1452 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1069-сі немесе 74% біліктіліктерін көтерген. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексерулер өткізілген. 

Оның ішінде: өндірістік кеңестің бастамасымен 166  тексеру, жұмыскерлердің бастамасымен 125 тексеру және басқа 36 тексеру жүргізілген. 

Нәтижесінде 477 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер түзетілген. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Берік Айдарбекұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Арыс қаласынан келген азаматтарға жалпы сомасы 720,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Оның ішінде азық-түліктер және киім-кешектер, төсек орындары, тазалық заттары, балалар ойыншықтары, және тағы басқа да керекті заттармен қамтамасыз етілді. 

Бұдан бөлек, «Южказпрофсервис» ЖШС-нің есебінен 4 мезгіл ыстық тамақ берілді. 

Фото авторы: Серік Қосаев

Мәдениет және спорт министрі Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді
Ұлттық музей ұжымы #Birge#TazaQazaqstan акциясына атсалысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу