Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қуып жүріп өлтірген

Oinet.kz 07-09-2023 10362

Марқұмның туыстары күйеу жігіттің көлікті жолдан ығыстырып, әдейі аударып жібергенін айтады. Ұлытау облысына қарасты Қаражал тұрғыны 28 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұмның туыстары күйеу жігіттің қалыңдығын көлікпен қуалап, соңында жолдан әдейі ығыстырып аударып жібергенін айтады. Көлікте отырған бойжеткен оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

«Патриот» Telegram-арнасының хабарлауынша, жол апаты Қаражал – Қарағанды тасжолында болған. Марқұм Арайлымның туыстары күйеу жігіт оны жиі ұрып-соғып, қорлық көрсетіп келгенін айтады. 

Неке қиылғанға дейін олар Қаражалда бірге тұрған. Қайғылы оқиғадан сәл бұрын қыз ата-анасына телефон соғып, өзін алып кетуді өтінген. Алайда үйіне кетіп бара жатқанда, Қарағандыға қарай шыға берістегі жолда ішімдікке сылқия тойып алған күйеу жігіт оларды тоқтатып, көліктің терезелерін темір таяқпен сындыра бастаған.

Осыдан кейін көлік рөлінде отырған жас жігіт, яғни қалыңдықтың ағасының досы полицияға хабарласу үшін Қаражалға қайта бет алады. Алайда мас күйеу жігіт олардың соңынан қуады.

«Ол бірнеше рет көліктің артқы бамперінен және сол жақ қанатынан соққылаған. Оның мақсаты көлікті жол жиегіне қарай аударып жіберу болған. Көлігінің рөлін жол жиегіне қарай қасақана бұрып, алдындағы көлікті жол шетіне ығыстырған», - дейді қыздың туыстары.

Соның салдарынан көлік аударылып кеткен. Бойжеткен оқиға орнында қайтыс болса, анасы мен ағасы екі досымен бірге жарақат алып ауруханаға жеткізілген.

Бұл оқиғаға қатысты Ұлытау облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев пікір білдіріп, марқұм қыздың күйеу жігіті болған ер адам 6 қыркүйекте уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

«Көліктің қандай себеппен жолдан шығып кеткенін анық білу үшін лак-бояу сараптамасының қорытындысын күттік. Қазір тергеушінің қолында күдікті көлігінің жәбірленушілер көлігінің бамперіне және сол жақ қанатына механикалық соққы жасағаны туралы сарапшылардың қорытындысы бар. Ол қамау изоляторында отыр. Тергеуші сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 345-бабының «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» санатын 99-бап «Ксі өлтіруге» және 24-99-баптары бойынша үш жәбірленушіні «өлтіруге оқталу» деп өзгертті. Бұл істің тергеу барысын жеке бақылауыма аламын»,– деді Қайыркен Әлиев.

Сохрани лето на зиму: выбираем сушилку для овощей и фруктов
Быстрые деньги онлайн в Казахстане: получите кредит без лишних затрат времени и усилий
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу