«Сыныптастары әбден мазақ қылған»: Алматыда өзіне қол салмақ болған бала туралы жаңа дерек

Oinet.kz 13-09-2023 940

Алматы облысы Бесағаш ауылында өзіне қол салған баланың анасы кей деректермен бөлісті. Оның сөзінше, ұлы әбден шошып қалған, тамақ ішпейді екен. Ал мектеп директоры баланың қорлық көргенін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_12.jpg

Оқушы суицид жасамақ болып бір уыс дәрі ішіп қойған. Тіпті хат жазып, онда өзіне күн көрсетпейтін ұлдардың есімін атапты. Ал анасы Әсем Биғалиева баласын қазір үйінен шығармайды екен. 

“Киіміне дейін жыртқан. Бір сөзбен айтқанда, сыныптастары әбден мазақ қылған. Оның айтқанына ешкім сенбегендіктен, қысымға шыдамай дәрі ішкен. Жексенбі күні ауруханада болдық. Қазір балам шошып қалған. Ешкіммен сөйлеспейді. Тамақ ішпейді. "Анашым, ешқайда кетпе" деп жалынады. Прокуратура, полицияға жазған арызымды қайтарып алу үшін директор ақша ұсынды. "200 мың теңге беремін" деді. Бірақ мен бас тарттым”, – дейді Әсем Биғалиева. 

Ал Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №29 мектеп директоры баланың дәретханада қорлық көргенін жоққа шығарып отыр.

“Бала атап отырған екі баладан да сұхбат алдық. Балалар ондай жағдай болған жоқ деп отыр. Сонан кейін мектеп бейнебақылау камераларын қарадық. Үшеуі бірге әжетханаға кірген емес. Үшеуі бірге кіріп кетсе, камерада көрінер еді ғой. Өзінің бірге оқитын 4-сыныптың екі баласы деп атап тұр. Бірақ дәлел жоқ боп тұр”, – дейді Бесағаш ауылы №29 мектептің директоры Назым Сәрсенбаева. 

Сонымен қатар мектеп директоры баланың анасына 200 мың теңге ұсынғанын мойындаған жоқ. Бұл жағдайды енді арнайы құрылған комиссия анықтайды.

“Оқу-ағарту министрлігінің Алматы облысы білім басқармасының өкілдері аталған мектепке жедел жетті. Қазір жағдайдың анық-қанығы анықталуда. Бұл оқиға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Бала құқығын қорғау комитетінің тікелей бақылауында.”, – деді Бала құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Жібек Нұржан

Шымкентте өз жерінен айырылған кәсіпкер жолды жауып тастады
«Етеккірі келді»: 3 жасар қыз баланың анасы балабақшадағы сұмдықты жайып салды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу