Өзбекстан ағылшын тілін меңгеру бойынша Қазақстан мен Тәжікстанды басып озды

Oinet.kz 15-11-2023 242

EF Education First рейтингіне сәйкес, Өзбекстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде 133 елдің ішінде 93-орынға ие болды. Бұл зерттеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 2,2 миллион адам қатысты. Олар 2023 жылы EF Standard English Test тегін онлайн тілді меңгеру сынағынан өтті. Бұл туралы Daryo.uz басылымы хабарлайды. 

Фото: daryo.uz

Айта кетейік, Өзбекстан өткен жылмен салыстырғанда төрт позицияға төмендеген.

Төмен деңгей Ферғана және Әндіжан облыстарында тіркелді. Республиканың барлық басқа облыстары мен қалаларында нәтиже өте төмен.

Орталық Азияның басқа елдері қандай орындарды иеленді:

  •  Қырғызстан – 90-орын;

  •  Қазақстан – 104 орын;

  •  Тәжікстан – 112 орын;

  •  Түркіменстан тізімде жоқ.

Рейтингтегі бірінші орындарды Нидерланды, Сингапур және Австрия иеленді.

Инвестиции в недвижимость Абу-Даби: основные преимущества и особенности
Отдых с детьми в ОАЭ: что нужно знать?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу