«Бейіт басын шауып тастаған»: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары әкімге қарсы шықты

Oinet.kz 28-11-2023 546

Жамбыл облысында тұрғындар жаңадан сайланған ауыл әкімі жасыл желекті жайпап жатыр деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

Айтуларынша, әкім бейіт басын бүлдіріп, орманды құртуда. Ауыл жұрты әкімнің тапсырмасымен орман балталанып жатқанын айтады.

Құлаған терек қорымды қиратып, түбінен кесілген томарда өлген адамның белгісі жайрап жатырған көрінеді.

“Бұл – біреудің мүддесі. Мүмкін материалдық жағынан көздегені бар. Жайдан-жай түбінен кесіп тастаған жоқ. Сау-ағаштарды құрылыс материалы үшін кесу әбден мүмкін. Неге заңды санитарлық нормаға сай 4 метрден, қурағандарын ғана кеспейді? Қорым қураған шөптен өртке ұрынады. Бүтін тұрған нәрсені бүлдіріп не керек?”, – деді Степной ауылының тұрғыны Андрей Соседов.

Құрылыс материалы үшін қолдан құжатпен қурады қылып, түгел тып-типыл еткен деп налиды. Олар Степной ауылдық округіне жаңадан сайланған әкімге одан да былтыр берілуі тиіс ауыз судың, жеңіл жолдың, жарықтың мәселесін шешуін сұрайды.

“Біз әкімге бұл ағаштардың неге кедергі келтіргенін білгіміз келеді. Кедергі келтірді, қауіп төндірді деген жарықтың желісі қайда, газ трубасы қайда. Сап-сау елудей ағашты кесіп тастады”, – деді Стеной тұрғыны Людмила Василева. 

“Қазір ғана келді. Анау-мынауды айтып жатыр. Негізі келіп жиналыс жасау керек еді. Халықпен сөйлесу керек еді”, – деді ауылдық Қайрат Тілеубаев.

Кесілген ағаштың құжаты қолда, кешікккен ауыз судың ісі сотта, салынбаған жолдың сметасы ойда дейді олар. Әкім жағдайға түсініктеме берді.

“Бұл тақырыпты жүз рет көтерсеңіз де болады. Арыз жаздыңыздар, аен жауап бердім. Алдады десеңіздер, ол – өздеріңіздің шаруаларыңыз. Мен бәрі заңды екенін айтамын. Ұнамай ма, қайта арызданыңыздар. Мен жауап берем”, – деді ауыл әкімі Абай Кенжебаев. 

Что путешественники могут привезти из Египта?
Павлодарда 2 жасар сәби сыра ішіп, арзан шараппен ұйықтаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу