Алматы облысында аштықтан сөйлей алмай қалған бала анықталды

Oinet.kz 28-11-2023 840

Алматы облысында аштықтан сөйлей алмай қалған бала анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Алматы облысының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мобильдік топтар құрған. Олар бір айда 400 аса отбасын тексерді, оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрғандар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ, балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар бар.

"Іле ауданында аштан сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмаған 6 жасар Ч.М. анықталды. Бала жедел түрде "екі жақты пневмония" диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Ата-ана ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқықтарын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінді", - делінген хабарламада.

Райымбек ауданында үш баласы жүдеу отбасы анықталды. Оларға да медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатыны хабарланды.

"Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция кінәлілерге қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қозғады", - делінген хабарламада.

Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 7 талап берілді.

"86 отбасыға азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек көрсетілді. Медициналық тексерістен 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды. Тұрғын үйге кезекке 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын үй алуға көмек көрсетілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодарда 2 жасар сәби сыра ішіп, арзан шараппен ұйықтаған
«Кезінде Айша анамызға да жала жабылған»: Блогер Үміт Мұхитова экс-жұбайының сөзін жоққа шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу