Мерт болған сарбаздың туыстары оның денесін қазып алып, кісі қолынан көз жұмғанын дәлелдеді

Oinet.kz 09-12-2023 1357

Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты делінген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне туысқандары эксгумация жасатты. Олар бір жарым жыл бойы әділдік іздеп таппаған соң, осындай қадамға барып отыр. Жақындары азаматтық борышын өтеуге өзі сұранып барған көкшетаулық жігіт кісі қолынан өлгенін қалайда дәлелдейміз деп бекінген, дгеп хабарлайды Oinet.,kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

“Алматының әскери прокуратурасынан әділдік болмады. Өзіміздің Бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Бәрінен де әділдік, шындық болмады. Өзімізге қарсы шығып істі жаппақшы болды”, – дейді марқұм сарбаздың әжесі Күлмайда Туғанбаева. 

Шындық іздеп шырылдаған сарбаздың туғандары аса қиын болса да, ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел етіпті. Айтуларынша, марқұмның денесінде сау тамтығы жоқ. Иығы, екі аяғы, аяқ сынған, санына шеге тыққан, басы жарылған.

"Мұның барлығы әскердегі әлімжеттік, Алмастың ажалы адам қолынан болды" дейді туған-туысқандары. Шындыққа жету үшін олар эксгумация жасап, тәуелсіз сарапшылар шақыртқан.

Screenshot_2.jpg

Еске салсақ, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, өзге сарбаздарды құтқарып жүріп мерт болған. Әскери басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін"медалімен де марапаттаған. Бірақ туғандары ол медальдан бас тартты.

Мониторы с высокой частотой смены кадров — имеет ли смысл покупать?
Қызылордада 61 жастағы мұғалім оқушыларға азғындық жасады деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу