«Екі ай бойы өздері қазған жерге жасырынып жүрген»: Алматыда жантүршігерлік жағдай

Oinet.kz 21-12-2023 1238

Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген.

“Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, деп қосты полиция.

Покупка недвижимости в Астане: шаг за шагом
Алматыда жаяу жүргіншілерді қаққан автобус туралы оқиға куәгерлері деректермен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу