Қорғаныс министрлігі Астанадағы Назарбаевтың ескерткішін не себепті бөлшектегенін түсіндірді

Oinet.kz 13-01-2024 176

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды. Қорғаныс министрлігі демонтаждау себептерін түсіндірді. 

Screenshot_2.jpg

Министрлік Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында тұңғыш президентінің ескерткішін бөлшектеуге (демонтажға) қатысты ақпаратты растады.

“Қорғаныс министрінің бұйрығымен "тұңғыш президенті  атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі”, – делінген хабарламада. 

Назарбаев қорының мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айында Алматы қаласы Ганди көшесі, 10 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, президент істері басқармасының балансына қосылған.

Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін президент әкімшілігі өкілдігі мен президент істері басқармасы қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені көрсетілген. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына арналған арнайы кеңсе бар.

Номад Казино — официальный сайт Nomad Casino: скачать на Андроид
Атырау облысындағы балабақшада бүлдіршінді қатарластары ұрып-соққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу